Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мектеп тарихы

 «Мектеп – кеме, білім – теңіз»

Ұлттың рухани байлығы – білімінде,  ұстанар бағыты –  тәрбиесінде, ал білім мен тәрбиенің сарқылмас бұлағының көзі­ – мектепте. Мектеп  – білім мен талантты шыңдар білім ордасы.

Тұлға да ұстазға бас иеді. Мұғалім – қоғамның тамыршысы, бағыт-бағдар беруші тұлғасы. Әлі күнге дейін мұғалім көрсек, именіп тұратынымыз, мектеп табалдырығын аттаған сайын сол бала күнгідей көңіл күй мен толқуды бастан кешіретініміз жасырын емес. Ал мектеп – ұлт рухын тербеп тұрған киелі бесік. Отбасы мен мектептен алған тәрбие мен тағылым әр адамның өміріне берілген ең алғашқы жолдама іспеттес. Ұстаз бен мектеп мәртебесі туралы сөз қозғағанда Алаштың күн келбетті ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деген сөзі еріксіз еске түседі. Осы орайда,  қазіргі Қосарал орта мектебі орналасқан  Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында бұрынғы 12 ауыл негізінде 1936-1937 оқу жылында Қосарал бастауыш мектебі болып ашылған. Алғашқы ашылуында  Тынысов Асан  мектеп меңгерушісі болып қызмет істеген. Бастауыш мектеп 1939-1940 оқу жылына дейін жұмыс жасаған. Онда Жалмұханов Сәрсен, Шоқанов Үсенғали, Иманғалиева Злиха т.б. жолдастар жұмыс жасаған.

Жайлашев Нүреден өз естелігінде былай деп жазады: « 1939 жылы село тұрғындарының өсуіне, Фурманов атындағы колхоздың іріленуіне байланысты Қосарал бастауыш мектебі 1939-1940 оқу жылында Егізкөл жеті жылдық (орталау) мектебі болып қайта құрылады. Мектеп директоры  Тағамбаев Нұр  болған. Жеті жылдық кезінде Сәрсекенов Жолдас, Жолжанова Жұмабике, Әтенова Зәру, Қарамоншақов Ізім,Азбанбаева Қаншайым, Шоқанов Үсенғали, Жексенов Құлмағамбет, Ермағамбетов Қайыржан т.б. жолдастар ұстаздық еткен.

1947 жылы класс комплектісінің толмауына байланысты қайтадан бастауыш класс болып ажыратылады. Мектеп меңгерушісі болып  Бертілеуов Аққали , оқытушы болып Ермағамбетов Қайыржан жасаған. 1950 жылы КПСС Орталық Комитеті мен СССР Министрлер Советінің ұсақ колхоздарды ірілендіру жөніндегі қаулысына байланысты №15,14,13,11 ауылдардағы колхоздар бірігіп, Фурманов колхозы болып аталады да, орталығы №11 ауылға көшіріледі. Осыған байланысты Егізкөл бастауыш мектебі бала санының жетіспеуі себепті Есбол жеті жылдық (орталау) мектебіне 1953 жылы қосылады. Егізкөл бастауыш мектебі ажыратылады.

1955-1956 оқу жылында Қызыл үй орта мектебі класс комплектісінің толмауы себепті жеті жылдық болып қалады да, жоғары класс оқушылары Есбол жеті жылдық мектебіне беріліп, сол жылы Есбол мектебі он жылдыққа айналады. 1957-1958 оқу жылынан бастап Фурманов атындағы орта мектеп болып аталады».

1957 жылы бұрынғы Фурманов колхозы негізінде Ортақшыл селосында МТС құрылады. Село тұрғындары қайтадан шоғырландарыла бастайды. Осыған байланысты 1957/58 оқу жылында Егізкөл бастауыш мектебі қайтадан ашылады. Ол 1966-1967 оқу жылына дейін жұсыс жасайды. Бастауыш мектептің меңгерушілері болып Ахметчиева Рабиға, Айтжанова Ажар, Тасқалиев, Имашев Жалау, Жайлашев Нұреден (менің әкем)жолдастар қызмет еткен. Ермағамбетов Қайыржан, Қалиев, Қасымова Қанипа, Қанатова Қапия ( менің анам), Машкалимова жолдастар ұстаздық етті.

Егізкөл бастауыш мектебі негізінде 1966-1967 оқу жылында Егізкөл сегіз жылдық мектебі ащылды.  Алғашқы ашылуында класс комплектісі 6-у болды. Осылайша мектеп толық орталау (8жылдық) мектепке айналып, аудандағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болған. Егізкөл 8-жылдық мектебінің жаңа оқу үйін бір жылда (1967 жылы) салып іске қосқандары үшін, сол кездегі Заурал совхозының директоры-Ауданов Нұрмұхан және мектеп директоры Жайлашев Нұредин ҚазССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері белгісімен марапатталады. 1972-1973 оқу жылына  дейін (орта мектеп болып шыққанға дейін) мектеп директоры болып Жайлашев Нұредин, оқу ісінің меңгерушілері болып Жұмабаев Мырзағали, Шниязов Алдияр қызмет жасады.

Мектеп 1972-1973 оқу жылында Егізкөл 10 жылдық мектебі болып ашылды. Осы оқу жылында Фурманов атындағы №11 ауылдағы орта мектеп жабылып, сегіз жылдық болды. Жоғарғы класс оқушылары Егізкөл орта мектебіне берілді. Осы оқу жылының октябрь айында мектепке Фурманов атындағы орта мектебі атағы берілді. 1972-1973 оқу жылынан 1978 жылдың қаңтар айына дейін мектеп директоры болып Дөкесов Жабу, оқу ісінің меңгерушілері болып Жайлашев Н, ШниязовА, Қостаев М жолдастар жұмыс жасады. Дөкесов Жабу  мектептің  материалдық- техникалық  базасын жақсартумен бірге білім сапасының талапқа сай болуын қатаң талап еткен басшы ретінде танылады.

1978 жылы Дөкесов Жабудың Есбол селолық Советінің председателі болып сайлануына байланысты осы оқу жылынан бастап мектеп директоры Жайлашев Нұреден, оқу ісінің меңгерушілері болып Ермұханова Насиха, Қостаев Мырзахмет, Жұмабаев Мырзағалилар жұмыс жасады.

1966 жылдан бастап 1997 жылға дейін мектеп жанындағы интернат үйі жұмыс жасады. Алғаш 30 орындық болып ашылған интернаттың тәрбиеленушілер саны 1973-1974 оқу жылында 100-ге, ал 1979-1980 оқу жылында 120 оқушыға жетті. 1986-87 оқу жылында өткізілген нитернат мекемелерінің Республикалық байқауына қатысып, онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда, тәрбиеленушілердің тұрмыстық жағдайын жақсартуда, материалдық базасын нығайтуда жеткен жетістіктері үшін Қазақ КСР Білім министрлігінің, Қазсовпрофтың, Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1980-1981 оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы демалыс лагері І орынға ие

болып, Республиканың грамотасы мен заттай сыйлығын алды.

1980 жылы типтік жобамен салынған, 624 орындық жаңа мектеп үйі берілді. Мектеп үйін іске қосуда, оны техникалық құралдармен жабдықтауда, педагог кадрлармен

нығайтуда, олардың шығармашылық іскерлігін дамытуда сол кездегі мектеп директоры (1978-1983)  Жайлашев Нүреденнің еңбегін айырықша атаған жөн.

Одан кейін мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда, жаңа талапқа сай безендірілуін іске асыруда және мұғалім еңбегін бағалау мен көтеруде  он жылдың үстінде мектеп басқарған Н.К. Крупская атындағы сыйлықтың иегері Қостаев Мырзахметтің еңбегі зор.

1993 жылдан бастап мектепті басқаруды жастық жігермен Жайлашев Самат Нүреден ұлы  қолға алды. Самат Нүреденұлы 2009 жылға дейін мектеп директорлығы қызметін атқара жүріп, мұғалімдер мәртебесінің көтерілуіне, мектептің материалдық –техникалық базасын жаңа үлгіде жаңартуға атсалысып, аудандағы тірек мектептерінің бірі болуына жағдай жасап, мектеп ауласының көгалдануына айырықша көңіл бөлді.

Мектептің шығармашылықпен жұмыс істейтін іргелі оқу орны болып қалыптасуына әр жылдарда қызмет істеген Қанипа Қасымова, Мұңал Адайбаев, Мария Қазиева, Қапия Қанатова, Ерсайын Искаков, Сәнім Есенаманова, Нұрбетай Жұмабаева, Мауия Муньянова, Қаракөз Әлмұханбетова, Ермұханова Насиха,  Салима Қабдірова, Аққыз Ақмурзина , Латипа Рахметова, Мырзағали Жұмабаев, Тамара Қабесова, Тұрдағалиева Какима( кітапханашы), Қалидолла Ізекенов, Қайыржан-Сара Жұмабаевтар, Майра Қалмұратова, Қожағали Жексембаев, Күлән Жолдасова, Қалиса Медеуова, Сабила Жалмұханова, Бақтан –Жайшылық Сәрсеновтар, Клара Таңатарова, Есенгелді Жұмабаев, Роза Тұрмұханова, Алма Жұмаханова, Рысжанова Роза, Қалмұратова Майра, Ермекова Света, , Қапиза Меңдіғалиевалар қадірлі ұстаздар ретінде өз үлестерін қосты.

Мектеп 1992 жылдан Қосарал орта мектебі болып аталады. Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында (13 ауыл) орналасқан. 1972-2002 жылдар аралығындағы 30 жылда мектепті 16 оқушы «Алтын медальмен», 9 оқушы «Күміс медальмен», 19 оқушы Үздік аттестатпен бітірді. 1999-2002 жылдар арасында 6 оқушы облыстық пәндік олимпиадада жүлдегер болды.

2001 жылы бітірген Есмағамбетова Гүлмира екі рет 1998 және2000 жылдары Астанада өткен балалармен жасөспірімдерге арналған бұқаралық ақпарат құралдарының «Жас Астана жас жеткіншектер көзімен» Халықаралық фестивалінің лауреаты дипломымен марапатталды.

2001 жылы Сабырова Ардақ республикалық шығармалар конкурсында ІІ орын алды.

2007 жылы Самат Марта республикалық ғылыми жобалар сайысынан ІІІ орын алды.

2008 жылы Самат марта мен Түменшина Альфия Республикалық Жәутіков атындағы физика- математика мектебінде сырттай оқып, сертификатын алды .

2009 жылы 9 сынып оқушысы Бекназар Қожантаев респуликалық ғылыми жобалар сайысына қатысып,  ІІ  орын алып «жас ғалым» атағына ие болды.

2012 жылы шәкіртіміз Тоғайбай Айгерім  республикалық ғылыми жобалар сайысынан ІІІ орын алды.

2002-2016 оқу жылдары аралығында мектепті 2оқушы- «Алтын белгі» (Өтеғалиева Мейрамгүл, Қажымова Аида) , 5 оқушы-Үздік  аттестат ( Жексенбаева Гүлжаз, Мырзахметова Балғын, Байғалиева Айзада, Киікбаева Ақниет, Қанатов Әділжан) иегері атанды.

2015, 2016, 2017 жылдары мектебіміздің үздік оқушысы Қуанышева Құралай республикалық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына , ғылыми жобаға қатысып сертификаттарға ие болса , Ақтау қаласында өткен пәндік олмипиадада «Дарын» грамотасына ие болды.

Аға ұрпақтың мол тәжірибесінен жалықпай үйреніп, өздерінің кәсіптік шеберлігін шыңдап, мектеп мәртебесін көтеруге қажыр-қайрат жұмсаған  мұғалімдерімізді мақтанышпен атауға болады. Олар: Түменше Жәнібек, Кеналиева Тахара, Тұрмұханова Рая, Тұрғалиева Рахия, Мұғауов Нұрғали, Мұғауова Жібек, Әменов Марат, Аманова Меңзипа, Нұрғалиева Света, Сатқанғалиева Сәулеш, Стамғалиева Зәуреш, Қостаев Жанат

1991  жылы мектептің «Атамекен» ордасы аудан атынан облыстық сайысқа қатысып, І орын иемденіп, республикалық сайысқа қатысты.

1996 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  Жібек Шамалиқызы  Мұғауова  республикалық «Жыл сынып жетекшісі» сайысына қатынасып, Бас жүлдені иеленді.

2005 жылы мектеп алаңында Ұлы жеңістің 60 жылдығына арналған Ескерткіш тақта орнатылды

2007 жылы мектепке «Теңізшевройл жауапкершілігі шектеулі» серіктестігі компьютер сыныбын сыйға тартты.

2013 жылы мектептің «2010-2015 оқу жылдарына арналған даму бағдарламасын» іске асыру барысында электрондық оқыту жүйесін енгізуге қол жеткізілді.

2014 жылы мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа типтегі мектептердің біріне айналды.

Бұл күнде Қосарал орта мектебінің алға қойған мақсаты- халықтың мәдени дәстүрін бойына сіңірген, терең білімді , ой- өрісі кең өз елінің азаматын тәрбиелеу, ал міндеті- жаңаша оқыту мен тәрбиелеудің жаңа мазмұндағы элементтерін құру. Осы мақсатта  мектеп ұжымы жылдан –жылға оқу-тәрбие жұмысын жандандырып, биік белестерді бағындырып келеді. Оның дәлелі, кәсіби шыңдалған мұғалімдеріміздің сабақ беру әдістемесін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, баптаған шәкірттерінің білімнің түрлі додалары мен сайыстарында оза шабуына, яғни бірлігі мен ынтымағы жарасқан елімізідің көркеюіне үлес қосатын жас ұрпақты тәрбиелеудегі жетістіктерін саралап баға беруге болады. Олар: Мұғауова Жібек, Сатқанғалиева Сәулеш, Стамғалиева Зәуреш, Аманова Меңзипа, Басарова Алмагүл, Туралина Ділдаш, Қабазова Сандуғаш, Азиғалиева Жанерке, Нұрғалиева Света, Некесова Шаттық, Жартыбаева Маржан, Жайлаш Эльмира, Кеналиева Тахара, Түменше Жәнібек, Тұрмұханова Рая,Айтжанова Үміт, Сағынова Айжан, Орынбасарова Гүлжан, Көптілеу Қарлығаш, Сирашева Іңкар сынды мұғалімдер осы мектепте еңбек жолдарын бастап, ұстаздық қызметте мол тәжірибе жинақтаған, кейінгі жас буын ұстаздарға айтар өнегесі бар ұстаздар деп айтуға болады.

Мақсаты мен міндеттері айқын қарашаңыраққа айналған Қосарал орта мектебінен білім , тәрбиесінен тәлім алған еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етіп жатқан , елге қадірлі азаматтарымыз Ғалымжан, Гүлжиһан , Қамбар Нұрышевтар , Қылышбай Құлжанов, Мамбетов Мақсот, Айтбаев Ташкент, Жайлашев Самат, Құлмағанбетов Ерсайын, Аманов Мәлік, Әділғалиев Мереке.

Алтын медальмен бітіргендер-  Құспанов Серік, Дөкесова Айгүл, Айтбаева Айгүл, Салтанова Ғалия, Байбосынова Айнагүл т.б

Күміс медальмен- Жайлашева Эльмира, Жылқышиева Өміргул т.б бітріді.

Үздік аттестатпен бітіргендер: Мұғауова Айнұр, Қостаев Сырымбет, Сандыбаева Люба, Сабырова Анар, Қабдолов Жайлыбек, Әтенова Гүлімхан, Аманғалиева Жанаргүл, Хадимова Гаухар, Арыстанбаева Гүлнар, Сабырова Құралай, Әлдешова Самал, Қабдолова Бақтыгүл,, Дөкесов Асылбек, Үкібаева Асыл, Балғабаева Айгөлек, Есмағамбетова Гүлмира, Түменшина Алфия, Салқынбаева Жамила, Темірғалиева Ақтоты, Сабырова Ардақ, Рысмағанбетова Гүлфара, Сабирова Динара

Оның бер жағында  2015-2016 оқу жылында  Алтын медальмен Қажымова Аида өз білімін  қорғаса, Үздік аттестатқа Қанатов Әділжан үміткер болып, білмін қорғап шықты.

2016-2017 оқу жылында Нұрымова Ажар, Биғалиева Гүлвира, Нүреденова Нұрайна Алтын белгімен бітірсе, 2017-2018 оқу жылында Алтын белгімен Отар Гаухар, Қамаш Құралай аяқтады.

2018-2019 оқу жылында Амантай Альфиса, Жұбатқан Манар, Жалғасбаева Жанна Алтын белгі иегері атанды.

2019-2020 оқу жылы бойынша Алтын белгіге Сарғожа Аружан. Үздік аттестатқа Бисекен Ақтоты иеленді.

2021-2022 оқу жылында Жаңбырова Айымгүл, Қайырғалиева Дильназ Алтын белгі алып, Үздік аттестатты Жауынбаева Аружан, Ардақ Айда иеленді.

Міне, осылайша өткенге салауат айта отырып, мектеп туралы  тарих беттерін парақтап, білім саласында еңбек еткен ұлы да ұлағатты  ұстаздар мен білімдерімен өте жақсы көрсеткіш көрсетіп, еліміздің түкпір түкпірінде еңбек етіп жатқан, еліміздің үздік ЖОО оқып білім алып жатқан шәкірттер туралы шерді жылына жыл қосып  тарқатып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

2016-2017 оқу жылынан 2023 жылдың сәуір айына дейін  Қосарал орта мектебін 11 ауылдан түлеп ұшқан азамат Алибек Олжағалиев Қалыбайұлы  басқарды.

Бірнеше  жылдан бері үздіксіз ұстаздық қызметті жалғастырып келе жатқан Жайлашевтар әулетін “ұстаздар династиясы” ретінде облыс, аудан көлемінде жақсы біледі.  Қазіргі таңда, 2024 жылдың қараша айында Қосарал орта мектебінің директоры болып Жайлашев Нүреденнің қызы Жайлаш Эльмира Нуреденқызы  сайланып, қызмет атқаруда. Біздің ауданымыздың мақтаныштары Жайлашевтар әулетінің ұстаздық жолы туралы жұрт жақсы біледі. Бұл — біз үшін үлкен құрмет, мәртебе.